Жаңалықтар
Әкесінің уәдесін орындадым: Анасы 5 сыныптағы ұлына телефонды қиындықпен әпергенін айтты
Фото: Ашық дереккөз
Instagram желісінде «қиналған» ананың қалдырған пікірі көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлады Qandastar.kz. Пікір Каспи дүкенінің платформасында жазылған. Онда анасы 5 сыныпта оқитын ұлына телефонды қиындықпен әпергенін жазған.
– «5-сыныптағы ұлыма әпердім, сыныптастарының бәрінде бар екен. Әкесі тірі кезінде 5-сыныпта әперем деуші еді. Ол былтыр, яғни ұлым 4-сынып оқып жүргенде қайтыс болды. Ұлыммен сырласып отырғанымда, папам тірі болғанда телефон әперер еді деп қалды. Осылайша Каспи-мен бөліп төлеуге 3 балама әпердім. Айына 8350 теңгеден төлеймін. Алла қуат берсін, құтылармын, – деп қалдырған.
Желі қолданушылары қамыққан ананың номерін тауып, несиесін жауып беруге ниетті екенін жеткізген. «Баласы үшін барын беретін аналарға күш-қуат берсін», «Каспи магазин бір жақсылық жасап, несиесін кешіреді дегенге сеніп отырмын», «Номерін қалай табуға болады, несиесін өтеп берсек» деген пікірлер көп.