Жаңалықтар

Алматы облысында көктемде жоғалып кеткен үш жасар қыздың денесі табылды

Фото: instagram.com/kopd_mp_rk

Алматы облысында наурыз айында жоғалып кеткен үш жасар қыз өлі табылды.

Бүгін төрт ай бұрын жоғалып кеткен үш жасар қыз Айя-Софияның денесі табылғаны белгілі болды. Бұл туралы волонтерлер Instagram парақшасында жазды.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Бауыржан Әленов 22 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының полициясына адам сүйектері табылғаны туралы хабар түскенін мәлімдеді.

«Сот-медициналық және генетикалық сараптамалар тағайындалып, жасалып жатыр. Күдіктілер қамауда отыр», — деді ол.

Еске салайық, 17 наурыз сағат 16:00 шамасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Күш ауылында үш жасар қыз үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

Қызды іздеуге тікұшақ пен дрон жұмылдырылды.

Кейін Алматы облыстық полиция департаменті із-түзсіз жоғалып кеткен Айя Софияға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close