Жаңалықтар

Шұғыл! Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Фото: @kymbatdoszhan

Бұл туралы журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол Арқалық және Атбасар қаласының халқынынан көмек сұрап, Батталова Жанна Бекенова есімді тұрғынға Арқалық қалалық Полиция басқармасы мен «Бармысың, бауырым» хабарының редакциясы іздеу жариялағанын айтты.

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын көрсетті.

«Архивтік құжаттарға сүйенсек, Жанна Батталова 2002 жылғы 12 қаңтар күні таңғы 9 сағат 10 минутта Арқалық перзентханасында салмағы 2 750 гр бойы 53 см ұл баланы дүниеге әкелген. Жанна Батталованың жасы 19-да болған, демек ол 1983 жылғы болуы мүмкін. Туған жері Атбасар, мекенжайы: Победа көшесі 8-2. Жанна Батталова Арқалық кооперативтік техникумында немесе Педагогикалық училищесінде 2001-2002 жылдары оқыған болуы мүмкін. Жанна Батталованың ерекше белгісі – бір көзі қыли (сходящее косоглазие) деп жазылған. Жанна Батталова өмірге әкелген нәресте – Даниярды 2006 жылы америкалық отбасы асырап алған. Жанна Батталованың Арқалық перзентханасында сол уақытта Бас дәрігер лауазымын атқарған Молдашева Умит Мукановнаның атына жазған қолхатын да жариялап отырмыз. Егер бұл қолхат Жанна Батталованың өз қолымен жазылса, жазуы маржандай, сабақ үлгерімі жақсы, сауатты студент (оқушы) болған сияқты. Негізгі сұрақ. Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар. Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз, жедел жәрдеммен барып, босанып, баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр. Бірақ Жәнібек пен «Жазираның» ДНҚ анализ нәтижесі 0% болып шықты. Даниярдың фотосынан байқағанымыз, бала «Жазираға» ұқсайды. Қазіргі күдік, «Жазира» мен Жаннаның ұлдары ауысып кетуі мүмкін. Өйткені тергеушілердің зерттеу нәтижесі бойынша, Данияр мен Жәнібектің арасы 5 күн. Екі балаға да бір күнде туу туралы куәлік алынып, екеуі де бір күнде Балалар үйіне өткізілген», – деп жазды Қымбат Досжан.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close