Әлеумет

С.Сауытбайқызы елден кетті

Отаны үшін шекара бұзып, Қытайдан қашып өткен Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті. Бұл туралы бірінші болып Сайрагүлдің қорғаушысы – Айман Омарова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Онда «Қош бол, Сайрагүл! Жолың болсын! Әйел бақытын тілеймін! Ата-бабаң туып өскен елде болмаса да, әлемдегі дамыған елдердің бірінде өмірің қалпына келсін! Сен кейбір шенеуніктердің саған деген көзқарасына қарамастан өзіңнің нағыз қазақ әйелі екеніңді есіңде сақта», – деп жазды. Адвокаттың айтуынша, олар бұған дейін Швециядан баспана сұрап, БҰҰ-на құжат жіберген.
Еске салайық, 2018 жылы Алматы облысы Панфилов аудандық соты тамыз айында «Қытайдан Қазақстанға шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған. Оған 6 ай шартты түрде бақылауда ұстау туралы жаза берілді. Осылайша сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға депортацияламай, Қазақстанда қалдырған.
Енді Сайрагүл Сауытбай отбасымен Швецияның Стокгольм қаласында тұратын болады.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close