Жаңалықтар

«Трамп АҚШ-тың соңғы президенті болады»: Желіде Айсұлтан Рахаттың жазбасы тарады

Фото: әлеуметтік желіден

Желіде Дариға Назарбаеваның ұлы, «Елбасының сүйікті жиені» Айсұлтан Рахаттың АҚШ-та биыл өтетін президенттік сайлау туралы айтқан Facebook-тегі жазбасы тарады, – деп хабарлайды Sadaqmedia.kz. 

Айсұлтан Рахат 2024 жылы Дональд Трамп екінші мәрте АҚШ-тың президенті болып сайланатынын жазған.

«Бұл жалғыз Құдайдың АҚШ-та істеп жатқан жұмысы және араб көктеміндегі төңкерістерге әділдік пен карманың қайтарылуы тағы бар! Өйткені, Ирак, Ливия, Египет, Тунис және т.б. елдерді басып алған кезде қаншама қарапайым адамдар өлді!

АҚШ-та болған барлық оқиғадан кейін аузыңызды ашып қаласыз. Трамп екінші рет сайланады және АҚШ-та демократия жоқ екендігі туралы шындықтың беті ашылады! Онда бәрін ақша шешеді! Олар демократияның иллюзиясын жасайды. Сондай-ақ сол иллюзияны әлі де бүкіл әлемге таңуға тырысуда! Трамп АҚШ тарихындағы соңғы президент болады! Антихрист 2024 жылы АҚШ-ты жаулап алады! Ұлы держава гүрілдеп құлағандай, бәрі де құлайды!», деп жазған ол.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close