Жаңалықтар

Бас имамдардың дипломдары күмәнді – Журналист министрге сауал қойды

Белгілі журналист Ораз Әлімбеков Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің видеосын бөлісіп, министрге сауал жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видеода министр жалған құжат жасатқандардың 2 жылға дейін бас бостандығы шектелетіні немесе айырылатынын, ал қайталанған жағдайда 4 жылға жаза кесілетінін түсіндіріп тұр.

Осы айтылғанды алға тартқан журналист «Бас мүфтидің дипломын қашан тексереді?» деген сұрақ қойып, біраз имамның дипломдарына күмәнмен қарайтынын жеткізді.

Министр Саясат Нұрбек 1991 жылдан бастап берілген дипломдарды тексеріп, жалған диплом иелерін жазаға тартпақшы. Мен бұған дейін Бас мүфти Наурызбай Өтпенов пен кемі үш қаланың (Астана, Алматы, Шымкент) бас имамдарының дипломдары күмәнді екенін дәлелдеп жазғанмын. Тіпті, Наурызбай Өтпеновтің доктор дәрежесін алуы да күмәнді. Ол басқа қалада толық ставкада жұмыс істеген, ал өзі мың шақырым алыстағы қалада докторантура оқыған…

Министр осындай жалған дипломды пайдаға асырып жүрген қуаяқтардың 2 жылға сотталатынын айтты. Оның сөзі рас болса, жақын арада соттың айыпталушылар орындығынан сәлде таққан молдаларды да көріп қаламыз, құдақаласа, – деп болжам жасады журналист.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close