Жаңалықтар
Назарбаевтың бұрынғы көмекшісінің ұлы директорлар кеңесін басқарады
Фото: Улысмедиа
«QIС»-тің жалғыз акционері ретінде «Бәйтерек» Онжановты директорлар кеңесінің төрағасы етіп сайлауды ұсынды. Бұл шешім шілде айының бірінші жартысында қабылданған, – деп хабарлайды qandastar.kz.
2023 жылы Тимур Онжанов «Астана» халықаралық қаржы орталығының инновациялар жөніндегі бас директоры болды, қазір «Бәйтерек» ұлттық холдингі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
Әкесі Нұрлан Онжанов – Қазақстанның Германиядағы елшісі. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратын басқарып, Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Бітімгер» атты кітап жазған болатын.