ҚР азаматтығын алу

Сайлау күні ұшқышсыз ұшу аппаратын (дронды) ұшырсаңыз айыппұл арқалайсыз

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы күні (2019 жылдың 9 маусымы) Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әуе кеңістігін пайдалану туралы шектеулер қойылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті физбугтағы парақшасында хабарлады.

Хабарламада: «2019 жылғы 9 маусымнан 04.00-ден 24.00-ге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының аумақтарында ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану бойынша уақытша шектеу қойылады. Бұл ҚР ИИДМ, ҚР ІІМ және ҚР Қорғаныс министрлігінің келісілген шешімі екенін хабарлаймыз. Шектеулер жер бетінен 500 метрге дейінгі биіктікке қолданылады.
Осыған байланысты аталған елді мекендер бойынша белгіленген мерзімде ұшуға рұқсат берілмейді.
Бұл шектеулер Нұр-Сұлтан мен Алматы әуежайларының қызметіне және жоспарлы рейстерді жүзеге асыруға әсер етпейді.
Шектеулі ұшу аймағында (ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған жағдайда ) рұқсат етілмеген аппаратты қолданған адамға 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынады (Әкімшілік кодексінің 563-бабы).» — делінген.
Ұшу аппараттарын пайдалану тәртібі ҚР ИИДМ сайтында жарияланған.

«qandastar.kz» үшін

 

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close