Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Рыбакинаның ізімен: Юлия Путинцева да денсаулығына байланысты Олимпиада ойындарына қатыспайтын болды

Фото: ашық дереккөз
Қазақстан теннис федерациясы екінші қазақстандық теннисші Юлия Путинцеваның Олимпиада жарысынан шыңып қалғанын мәлімдеді. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол денсаулығына байланысты матчтан бас тартқан.

«Путинцева Парижге ұшып, ойынға дайындықты белсенді бастады. Өкінішке орай, украиндық Марта Костюкқа қарсы бірінші ойын алдындағы дайындық кезінде қазақстандық ойыншы тізесінің қатты ауырғанын сезді. Қысқа медициналық тексеруден кейін матчтан бас тарту туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.

Уимблдонда әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швитекпен жеңіске жеткен кездесуден кейін Юлияның тізесі ауырғаны белгілі болды. Ол оңалтудан өтіп, Парижге дайындықты жалғастырған.

«Париждегі Олимпиаданың басталуы біз үшін сынақ болды. Күні кеше Елена Рыбакина сырқатына байланысты жарыстан шығып қалса, бүгін біздің команда жарақатына байланысты Юлия Путинцевадан айырылды. Біз екі спортшының да өнеріне үлкен үміт арттық және осылай болғанына қатты өкінеміз. Елена да, Юлия да Олимпиадада ойнай алмағандарына қынжылады. Біз жанкүйерлерге өтініш білдіріп, осындай қиын кезеңде барлық ойыншыларымызға қолдау көрсетулерін сұраймыз. Қиындыққа қарамастан, еліміздің туы астында алға ұмтылып, жаңа жеңістерге ұмтыламыз», – деді Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close