Жаңалықтар

Еліміздегі қызмет көрсету бағасы тым аспандап барады

Фото: mail.kz

Биылғы жылдың маусым айында қызмет көрсету бағасының өсімі жылдық мәнде 13,8%-ға жетті, деп хабарлайды Orda.kz  

2024 жылдың маусым айында қызмет көрсету бағасының өсуі жылдық мәнде 13,8%-ға жетті. Олар тауар бағасынан да жылдам өсе бастады: жалпы тұтынушылық инфляция 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 8,4% болды.

Ең көп қымбаттаған коммуналдық қызмет бағасы: олар үшін тариф бір жылда 30%-43%-ға өсті.

Маусым айында тұрғын үйді жалға беру 11,1%-ға, амбулаториялық қызмет көрсету – 12,7%-ға, байланыс – 8%-ға, білім беру – 8,3%-ға, демалыс және ойын-сауық – 12,4%-ға қымбаттады.

Ұлттық статистика бюросының іріктемелі зерттеулері нәтижелері бойынша қызметтер қазақстандық отбасылардың барлық шығындарының бестен бір бөлігін құрайды. Бұл 2020 жылдан бергі ең жоғары тоқсандық көрсеткіш.

Биылғы жылдың қаңтар-наурыз айларында үй шаруашылығындағы ақшалай шығындардың жартысынан астамы азық-түлікке (50,5%), тағы 21%-дан астамы киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық химия және басқа да азық-түлік емес тауарларға жұмсалды.

2024 жылдың бірінші тоқсанында қызмет көрсетуге жұмсалған шығындардың ең жоғары көлемі Астана мен Алматы қалалары тұрғындары арасында тиісінше 25,3% және 24,3% болып байқалды. Бұл тармақ бойынша қаржыны аз жаратқан Ұлытау (14,2%), Атырау (14,6%) және Жетісу (15,1%) облыстары тұрғындары.

2024 жылдың бірінші тоқсанында көрсетілген қызмет көлемі 2,8 трлн. Теңге болса, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26,4%-ға өскен.

Жалпы, өткен жылы кәсіпкерлер мен ұйымдар халыққа 12,3 трлн. теңгеге қызмет көрсеткен. Ол 2022 жылмен салыстырғанда 30%-ға қымбат.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close