Әлем жаңалықтары
Қарағандыда туған балуан Париж Олимпиадасының чемпионы атанды
Фото: Дзюдо федерациясы
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін дзюдодан Қарағандыда дүниеге келген балуан Олимпиада чемпионы атанды.
Нақтырақ айтсақ, дзюдодан Әзербайжан құрамасының мүшесі Хидаят Гейдаров бүгін 73 келі салмақта Париж Олимпиадасында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Ол финалда Франция спортшысы Джоан-Бенжамин Габаны иппон әдісімен жеңді.
Гейдаров 1997 жылы 27 шілдеде Қазақстанның Қарағанды қаласында дүниеге келіпті. Хидаят 3 жасқа толғанда отбасы Бакуге көшіп кеткен. Ол 6 жасынан бастап спортпен айналыса бастаған. Оны бала күнінен қазірге дейін Тарлан Гасанов жаттықтырып келеді екен.