Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Ұлының денесін Оңтүстік Кореядан алып кетуге көмектеспеген»: Қазақстандық әйел сотта сыртқы істер министрлігін жеңіп шықты

Фото: wikipedia.org
Қазақстан Республикасының Кореядағы елшілігінен көмек күтпей-ақ, ұлын елге жеткізу шығынын өз бетінше төлеген қазақстандық әйел сыртқы істер министрлігін сотқа берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Оңтүстік Кореяда көз жұмған Қазақстан азаматының мәйітін жеткізу шығындарын сыртқы істер министрлігіне жабуға мәюбүрлеу туралы істі қарады. Бұл туралы Астана ауданаралық мамандандырылған соттың судьясы Жанар Дүйсенова Facebook парақшасында хабарлады.

Судьяның айтуынша, қазақстандық әйел 23 жастағы ұлының қатерлі ісігін емдетуге Оңтүстік Кореяға кеткен. Алайда жігіт сол елде көз жұмған, анасы мәйітті отанына жеткізуге қаржылай көмек сұрап, Қазақстанның Кореядағы елшілігіне хабарласқан.

Алайда олардың ақша аударғанын күтпей, әйел қарыз алып, қайырымдылық көмек арқылы барлық шығынды өзі көтеріпті. Сыртқы істер министрлігі мұны мемлекеттік көмектен бас тарту деп бағалап, әкімшілік рәсімді тоқтатқан.

Сол үшін әйел сотқа жүгінді. Себебі ол қарыздарын министрліктің қаржысымен жабамын деп ойлаған екен.

Қазақстан заңнамасына сәйкес, азамат шетелде көз жұмған жағдайда консулдық оның жерлеуін қамтамасыз етуге немесе мәйітті отанына жеткізуді ұйымдастыруға міндетті (ҚР Консулдық жарғысының 84-бабы).

«Сот қазақстандық дипломаттар марқұмның жерлеу немесе мәйітін жіберу шараларын қолдануға міндетті деп санады. «Шетелде Қазақстан Республикасының мүддесін қорғау» бағдарламасы азаматтарға багажды жөнелту, 200 жүкті рәсімдеу, денені бальзамдау және мәйітханада сақтау шығындарын төлей отырып, азаматтарға материалдық көмек көрсетуі керек, – деді Дүйсенова.

Әйелдің жерлеу рәсімін өзі төлесе де, мемлекет шетелде қиын жағдайға тап болған азаматтарына материалдық көмек көрсету міндетінен босатылмайды.

Сотта консул әйелге ұлының қаза болғаны туралы куәлік беріп, материалдық көмек көрсету үшін қажетті шаралар жасалмағаны атап өтілді. Сыртқы істер министрлігі әкімшілік рәсімді қайта жүргізіп, талапкердің пайдасына шешім қабылдауға міндетті.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close