Жаңалықтар

Фотоға түсемін деп өзенге батып кеткен: Түркістан облысында 16 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары 16 жастағы қызды іздеп жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Департамент мәліметінше, 28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші пультіне «Сайрам-Өгем» аумағына Қасқасу ауылынан 15 шақырым қашықта, Сайрам-су таулы өзенінде сағат 10:00-де қыз суға батып кеткені туралы ақпарат түскен. Достарының айтуынша, ол фотосессия жасау кезінде абайсызда өзенге құлаған.

Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.

«Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», – деп жазылған хабарламада.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close