Жаңалықтар

Арыста жойқын жарылыс болды

“Түркістан облысының Арыс қаласында жойқын жарылыс болды” – деп хабарлайды Хабар 24 телеарнасы.

https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/323875-arysta-zhoj-yn-zharylys-boldy

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға оқ-дәрілер сақталатын қоймада болған. Мән-жайды Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бізге телефон арқылы баяндады. «Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды», – деп хабарлады ІІМ ТЖК өкілі. Нұрсұлтан Нұрахметов, Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі: – Бүгін 9:20-да өрт сөндіру қызметінің пультіне Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына Түркістан облысы ТЖД жеке құрамының 30 адамы мен 8 дана техникасы тартылды.


Осы айдарда

Пікір үстеу

Close