Жаңалықтар
Алматы облысында сауықтыру лагерінің демалушылары құтқарылды
Фото: Видеодан скрин
Талғар ауданында «Тау самалы» таулы аймағында құтқарушылар сауықтыру лагерінен 300 м қашықтықта жолдан адасқан 1 ересек адам мен 8-15 жас аралығындағы 25 баланы іздестірді, деп хабарлады Qandastar.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде республикалық жедел-құтқару жасағы адасқандарды тауып, қауіпсіз жерге жеткізді.
Демалушылар медициналық көмекті қажет етпеді.