Жаңалықтар

1 шілдеден бастап шетелдіктердің келу мерзімі қысқартылады

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Шақыру құжаттары және виза беруді рәсімдеу тәртібіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді  деп хабарлайды Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі.  (СІМ мен ІІМ жылғы 28 қарашадағы № 1100 бірлескен бұйрығына сәйкес).
Қазақстан Республикасына шетелдіктердің келуі үшін шақыру құжатын беру мерзімі қысқартылды. Қазақстан Республикасына виза алатын адамның болжалды келетін күніне дейін 5 жұмыс күні қалғанға шақыру құжатын беруге болады. Бұрын бұл мерзім 14 күн болған.

Шақыру құжатында шетелдіктің Қазақстанда тұратын жерінің мекен-жайы және қозғалу маршруты көрсетіледі. Сонымен қатар  шақыру құжатында Қазақстан Республикасының белгілі бір елді мекеніне сәйкес әкімшілік-аумақтық объектінің классификаторының коды (КАТО) көрсетіледі, оныhttp:///kodeksy-kz.com/klassifikatory/kato.htm сілтемесі бойынша табуға болады.

Қазақстан визасының бар болуы шетелдікті көші-қон органдарына барып тіркелуден босатады, себебі оның тұратын орны және қозғалу бағыты шақыру құжатында көрсетіледі.

Сондай-ақ қолданыстағы визаны ұзарту үшін құжаттар тапсыру мерзімі өзгертілді. Қолдаухаттар отыз жұмыс күн бұрын және қолданыстағы виза мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бес жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.

Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі

 

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close