Жаңалықтар
“Сендерді жек көремін”: Жамбыл облысының бас полицейі қызметкерлерін балағаттады
Фото: скриншот
Жамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қызметкерлеріне ұрысып, бейәдем сөз айтып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода байқағанымыздай, жиналыс өткізіп отырған ол үстелді бір қойып, қол астындағыларды балағаттайды.
«Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал», — дейді ол.
Айта кетейік, полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакімбекұлы 1974 жылдың 3 сәуірінде Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған. Білімі – жоғары.
1992 жылдың тамыз айынан 1994 жылдың қыркүйек айына дейін- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде, 1994 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы МТК-нің жоғарғы тергеу мектебінде оқыды, оны аяқтаған соң Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша МТК басқармасының тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып қызмет атқарды.
2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін — Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы.
Бұл жағдайға қатысты Azattyq Rýhy полиция департаментіне сұрау жолдайды.