Жаңалықтар

«Ұзақ күткен бақыт». Неслихан Атагүл аяғы ауыр екенін хабарлады

 

Қазақ қоғамына «Қара севда» сериалы арқылы жақсы таныс Түркияның танымал актрисасы Неслихан Атагүл көптен күткен жаңалығын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Біз бұл бақытты ұзақ уақыт құпия ұстағымыз келді. Ашығын айтқанда, бұл біздің құқығымыз еді… Қысқасы, біз бақыттымыз, жақсымыз және қанағат етеміз», – деп жазған актриса әлеуметтік желідегі 14 миллион оқырманынан сүйінші сұрады.

Еске сала кетейік, 31 жастағы Неслихан Атагүл түрік актері Қадыр Догулуна тұрмысқа шыққан. Олар 8 жыл бұрын «Ыстамбұлдың екі жүзі» сериалының түсірілімінен кейін үйленді.

Қазір жүктілігіне байланысты Неслихан Атагүлдің «Жұмыс күндеріндегі махаббат» (İşgal Günlerinde Aşk) сериалына түсуін жалғастырып-жалғастырмайтыны талқыланып жатыр. Продюсерлік компания түсірілімді кейінге қалдыруы мүмкін.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close