Әлем жаңалықтары

«Бірінші раунд бәрін құртты»: Махмұд Сабырхан төрешілер жеңісті қарсыласқа беріп жібергенін айтты

Фото: egemen.kz

Қазақстандық боксшы Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Махмұд Сабырхан 1/8 финалда испаниялық Хосе Кильеспен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Бірінші раундта испаниялыққа 5:0 есебімен жеңісті беріп жіберді. Сол бірінші раунд бәрін құртты. Бірінші раундта жеңгендей болып едім. Екінші кезеңде де жеңдім ба деп едім, оны да қарсыласқа берді. Үшінші раунд ештеңе шешпейтінін білдім. Осымен Олимпиаданы аяқтадым, бар күшімді салдым», – деді Махмұд «Хабар» агенттігіне берген сұқбатында.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық боксшылардың ішінен Асланбек Шымбергенов (71 кг дейін), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) Олимпиаданы аяқтаған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close