Мәдениет
«Ішпеймін, шекпеймін, оңды-солды жүрмеймін». Анна Данченко қандай өмір салтын ұстанатынын айтты
Фото: ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші, журналист Анна Данченко әлеуметтік желіде қандай өмір салтын ұстанатыны туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Анна Данченкоға оқырманы «Темекі шегесіз бе?» деген сұрақ қойған. Журналист «Ішпеймін! Шекпеймін! Оңды-солды жүрмеймін! Бірақ бұл сіздерге мінсіз болып көріну үшін емес! Мен өзін-өзі жасаған адаммын! Мен кадр сыртында да, кадрда да қалай бармын, солай жүремін. Бұл менің тәрбием мен таңдауым!», – деп жауап берді.
Ешкімді мінсіз деп ойлаудың қажеті жоқ екенін айтқан Анна Данченко: «Егер мен сізге ұнамайтын бірнәрсе жасасам да, бұл – менің таңдауым. Тырысқаным үшін Жаратқан маған сый береді, қателігім үшін де мені айыптайтын сіз емессіз!», – деп жазды.
Жауабының соңын сәл жұмсартып, әзілге айналдырған журналист «Мен де адаммын. Мысалы екі ай ұстанып жүргеніме қарамастан дұрыс тамақтану жүйесін бұздым, балмұздақ пен тәтті бәліштерді жақсы көретін адаммын», – деп күлді.