Жаңалықтар

«Әкеммен сөйлескім келмейді»: Әйтенов пен Әтешованың балалары психологиялық соққы алған

Фото: ашық дереккөз

Астанада Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы Марат Әйтенов пен оның бұрынғы әйелі Дана Әтешоваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта бұрынғы ерлі-зайыптының балаларының психологиялық жағдайы туралы маманның пікірі оқылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Психолог балалармен тілдескен, сол кезде олардың әкесіне қатысты жағымсыз эмоцияларын анықтады. Ал анасына қатысты сүйіспеншілік пен сенімді қарым-қатынас қалыптасқаны белгілі.

Дана Әтешованың адвокаты Әлия Омарова психолог олар балалар психотерапиясынан өту керек деген шешімге келгенін атап өтті.

«Мен әкемнің нөмірін өшіріп тастағым келеді, онымен сөйлескім келмейді. Анамды ұрады, бізді үйден қуды, ал ол жақта достарым бар еді. Біз бөлек тұрғанда ол менің туған күніме келмеді».

«Әкем анамды ұрып-соғатын, оны үнемі ренжітетін. Бір рет оны баспалдақтан лақтырып жіберді. Мені ренжіткен жоқ, менің анамды ғана ренжітті, бұл маған ауыр тиді, өйткені ол менің анашым ғой», – деген балалар психологқа.

Маман анасы туралы және басқа да тақырыптарда балалар жағымды эмоциялар өткеретінін байқапты. Бірақ үйден шығарып жіберген күн және әкесі туралы әңгімеде көңіл-күйі түсіп кеткен. Балалар психологиялық соққы алған деп түсіндіріпті.

Психологтың баяндамасынан үзінділерді оқыған адвокат мұны қылмыстық іс материалдарына қосуды сұрады.

«Менің қызымда паника болып тұрады. Мені ұлым ойнап, қытықтағанда, қызым жылап, «Анама тиіспе, анама тиіспе!» деп айқайлады. Осыдан кейін қасымнан бір елі қалмайды, тіпті суға түсетін кезде қасымда тұрады, менен ажырағысы келмейді. Полиция қызметкерлерінен қорқып қалған. Көшеде көріп қалса, «Мама, абайла, полиция!» деп айқайлайды», – деді Дана Әтешова.

Еске салайық, Дана Әтешова 12 шілде күні бұрынғы күйеуі мен оның адамдары тәртіп сақшыларымен өзін үйден күштеп, қуып шықпақ болғанын айтты. Әтешова бұрынғы күйеуі Марат Әйтеновтің үстінен бірнеше рет шағымданған. Ол – Шымкент қаласының бұрынғы әкімінің ағасы. Сондай-ақ Дана Әтешова президенттен көмек сұраған еді.

Бұған дейін Марат Әйтеновтың 5 тәулікке қамауға алынғаны туралы жазған едік.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close