Жаңалықтар

Баспанасыз халыққа қиын болды

Сәрсенбіде Түркістан және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Сәрсенбіде Түркістан және Қызылорда облыстарында қатты ыстық күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 маусымда күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 420С қатты ыстық күтіледі. Түркістан қ.: 26 маусымда 40 С қатты ыстық күтіледі», — делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«26 маусымда күндіз Қызылорда облысының басым бөлігінде 44°С қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, солтүстікке ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 95-100%», — деді синоптиктер.
26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Көкшетау қ: 26 маусымда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 7-12, екпіні 15 м/с.
«Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», — делінген хабарда.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close