Жаңалықтар

Алматылық оқушы бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстықтарға берді (фото, видео)

Алматылық оқушы Алдияр Дәулетұлы бірнеше жыл жинаған ақшасын арыстықтарға жіберді деп хабарлайды «Еуразия бірінші арнасы».

Фото: Еуразия бірінші арнасының материалынан скриншот

Фото: Еуразия бірінші арнасының материалынан скриншот

Алматыда тұратын Алдияр ойын приставкасын алу үшін ақшаны екі жыл бойы жинаған. Бірақ Арыстағы оқиғадан кейін ол ойын өзгертген.

«Мен басында мүлде басқа зат алғым келген. Плей стейшнді. Бірақ одан кейін білдім, ойландым да қайырымдылық жасаған дұрыс болады деп шештім», — дейді жеткіншек.
Алдиардың әкесі ұлының бұл әрекетін пиар әдіс не мақтаныш емес деп кесіп айтты.

Ол баласы осындай шешім қабылдаған соң бетін қақпай, бірден қолдаған.

«Сөйлескен кезде копилкадағы жиналған ақшаға қамқорлық жасасам деп өзі ниет етті. Бұл бүкіл халықтың, барша Қазақстанның қайғысы ғой расында. Құдай бетін әрі қылсын мұндайдан», — деді Алдиярдың әкесі Дәулет Сатаев.

Төтенше жағдайды естіген оқушылар да қайырымды іске атсасылуда. «Жас Ұландық» жастар мектептерде штаб құрып, қатарластырының әкелген көмегін жинастырып жатыр екен.

«Бізге 20-30 шақты оқушылар келді естігендер. Осы күндері 20-30 келсе, бізге әлі жазып жатыр қашан келейік, ертең не арғы күні келсек болады ма деп. Арғы күндері тағы 25-30 оқушы келмекші. Барлығы кәдімгі мектеп оқушылары», — дейді Данияр Бекетов.
Еске сала кетейік, елімізде «Арыс, біз біргеміз» науқаны жүріп жатыр. Адамдар зардап шеккендерге көмектесу үшін жұмыла кірісуде.

Отандық жұлдыздар Шымкентке барып, арыстықтарға қолдау көрсеткен болатын.

Қазақстандық кәсіпкерлер жапа шеккендерге көмектесу үшін атсалысып, ақша аударуда. Қайрат Құдайберген Шымкентке барып, қажетті заттарды таратқан.



Осы айдарда

Добавить комментарий

Close