Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым — Әбиба Әбужақынова

Париж Олимпиадасынан елге оралған дзюдодан Қазақстан құрамасының мүшесі Әбиба Әбужақынова жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Ыстық ықыласпен күтіп алғандарыңызға рақмет. Осы жолы 5-орынмен қайттым. Алдағы жарыстарда көк туымызды биіктен желбіретуге уәде беремін. Менің жақсы күресіп келе жатқаныма 2 жыл ғана болды. Қалған қарсыластарым бұрыннан жүлдегер болып жүрген қыздар. Тағы да 4 жыл маған тәжірибе жинауға жетеді деп ойлаймын. 48 келіде қаламын», — деді спортшы.

Қазақстандық дзюдошы ел намысын осы жылдың қазан айында Абу-Дабиде қорғамақ.

«Қазанның 13 күні Әбу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде күресемін. Оған 2 ай бар. Бұйырса 2 аптадай демалып, қайтадан жаттығуға ораламын. Бірақ Олимпиада кезінде шағын жарақатым болды», — дейді ол.

Сондай-ақ дзюдошы қыз жеке өміріне байланысты сұрақтарға да жауап берді.

«Келесі Олимпиадаға дейін тұрмыс құру маған кедергі емес. Тұрмысқа шықпаймын деп ашуланып айттым. Бұл туралы әлі ойланып көремін», — деді Әбиба Әбужақынова.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close