Әлем жаңалықтары

«Көшені түзулеп бір қырып өтсе болар еді»: Назым Қызайбай тұратын көшеде асфальт жоқ

Фото: ашық дереккөз

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төселіп, спортшыны күтіп алуға тыңғылықты дайындық жүргізілген болатын, деп хабарлайды Alash.KZ.

Осыдан соң өңірлердегі көшелер жөнделуі үшін спортшы чемпион атануы керек деген әзілдер пайда болды.

Ал журналист Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желідегі парақшасында:

«Әкімдіктігелер Нұрбек Оралбай мен Назым Қызайбайдың көшелерін жөндей берсе бола ма?» деп сауал тастаған. Бұған боксшы бойжеткен Назым өзі пікір қалдырыпты.

«Қатты қуанар едім. Асфальт төсемей-ақ, тым құрағанда көшені түзулеп бір қырып өтсе болар еді», – деп жазған Қызайбай.

Спортшының бұл сөздерінің скринін тілші желіде жариялап, «Әкімдіктегілер Назым Қызайбайдың көшесімен бір жүріп өтсін бе? Бұйыртса, алтын алып жатса, ұялып қалмасын дегенім ғой…» – деп жазба қалдырды.

Айта кетейік, Назым Алматы қаласынан 47 шақырым жердегі – Алматы облысының Іле ауданына қарасты Жетіген ауылында дүниеге келген.
Бүгін ол финал жолдамасын сарапқа салады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close