Жаңалықтар

Гүл шоғын қағып алды: “Бишімбаевтың бұрынғы әйелі тұрмысқа шықты”

Фото: инстаграм парақшадан алынды

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман гүл шоғын қағып алған видеосын парақшасына жариялады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Инстаграмдағы бейнежазбада ол танымал блогер, “Двойная жизнь” кітабының авторы Евгений Абу-Зейдпен қолтықтасып кетіп барады.

Желі қолданушылары “Бақытты болыңыз, керемет таңдау, гүл шоғы керемет жарасып тұр” деген пікірлер қалдырған. Сонымен қатар “Тұрмысқа шықтыңыз ба, бұл рас па?” деген сан сауалдар да видео соңында қаптап тұр. Әзірге Назым Қаһарман самсаған сұраққа қатысты ашып ештеңе айтпады.

Еске салайық, бұған дейін әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған экс-министрдің бұрынғы жұбайы қайын атасы Уәлихан Бишімбаевтың өзіне қол көтергенін жеткізді. Сонымен қатар Қуандық Бишімбаев сотта бұрынғы әйелі – Н.Қаһарман “көлігімді ұрлап, бопсалады” деген кінә артқан болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close