Қаржы және төлемдер

«Миллиондарды жымқырған төраға»: Халықаралық орталық басшысы қанша жылға сотталды?

Коллаж Ulysmedia.kz

2024 жылғы 2 тамызда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» басқармасының бұрынғы төрағасы Олжас Ағабековке қатысты үкім шығарды, – деп хабарлайды qandastar.kz Orda.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Оны БҰҰ аясында Дубайда өткен халықаралық көрмеге қатысуға бөлінген 270 миллион теңге жымқырды деген күдікпен тергеген болатын. Ағабековтің «ҚазМұнайГаз»-дан Дубайда экологиялық шара ұйымдастыру үшін 121,6 миллион теңге жымқырғаны анықталды. Сондай-ақ, улеродтық бірліктерді сатып алу келісімін тіркеу үшін 35 миллион теңге пара алғаны және заңсыз сыйақы бергені үшін 8,2 миллион теңгені жымқырды деп айыпталып отыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Orda.kz Олжас Ағабековке прокурор 12 жыл жаза тағайындауды сұрап отырғанын жазған болатын.

Оған 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Іс бойынша экология және табиғи ресурстар вице-министрі тәртіптік жазаға тартылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close