Әлем жаңалықтары

Путин шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін шақырды – БАҚ

Фото: ашық дереккөз

Ресей президенті Владимир Путин шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесін шақырды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

УКРАИНА ӘСКЕРІ КУРСК ОБЛЫСЫНА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Ресей БАҚ хабарлауынша, Қауіпсіздік кеңесінің жиналысы басталар алдында Путин Астана уақытымен сағат 15:00-де Үкімет мүшелерімен жиналыс өткізеді. Бұл жерде қандай мәселенің талқыланатыны әзірше белгісіз. Ал бір сағаттан кейін болатын Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Курск облысындағы жағдай талқыланады. Қолда бар мәліметке қарағанда, кешеден бері Украинаның Қарулы Күштері Ресей Федерациясының Курск облысына басып кіріп, 11 елді мекенді басып алған.

АТОМ ЭЛЕКТР СТАНСАСЫ ОРНАЛАСҚАН ҚАЛАДА ЖОЙҚЫН ЖАРЫЛЫС БОЛДЫ

Қазір Курск мен Судже қалаларының халқы жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Судже қаласының мэрі Виталий Слащев Украина әскері қаланы күні-түні тоқтаусыз атқылап жатқанын хабарлады.

Украина сарбаздары Курчатов қаласын да нысанаға алып жатыр. Бұл қалада Атом электр стансасы орналасқан. Соған қарамастан қалада бірнеше жарылыс болған.

Украина Қарулы Күштері полковнигі, Бас штабтың баспасөз қызметінің бұрынғы басшысы Владислав Селезнёвтің айтуынша, әскердің Ресей территориясына қарсы шабуылын одан әрі Белгород пен Брянск облыстарында жалғастыратын болады. Ол РФ армиясының Украинаның Сум облысына шабуыл тоқтату үшін арнайы жасалып отыр.

Шілде айында Украина әскері алғаш рет Ресей аумағында дрондармен көп соққы жасаған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close