Әлем жаңалықтары

Түркияда қазақстандықтар отырған микроавтобус жол апатына ұшырады

 фото: Muğla Gazetesi

Түркияда ірі жол апатынан қазақстандық туристер зардап шекті, деп хабарлады Qandastar.kz. Жергілікті Muğla Gazetesi-нің хабарлауынша, жарақат алған 13 туристің қатарында қазақстандықтар да бар.

Оқыс оқиға бүгін, яғни 8 тамызда таңертең 07:00 шамасында Мугла Милас ауданында орын алған.

«Ресей және қазақстандық туристерді тасымалдаған микроавтобус жол апатына түсті. Туристер отырған автобус жүк көлігімен соқтығысқан. Апат орнына жедел жәрдем, полиция, өрт сөндірушілер келген. Жол апатынан зардап шеккен 13 турист әр түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – делінген хабарламада.

Жергілікті полиция жол-көлік оқиғасы бойынша тергеуді бастап кетті.

Милас – Бодрум әуежайынан 10 км қашықтықта орналасқан, Мугла провинциясының құрамына енетін аймақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close