Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Жапонияның премьер-министрі Қазақстанға келмейтін болды

Фото: ашық дереккөз

Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға келмейтін болды, деп хабарлайды qandastar.kz.

«Жапония елшілігінің мәліметінше, жер сілкінісіне байланысты премьер-министр Фумио Кишиданың Қазақстанға сапарын тоқтату туралы шешім қабылданған», – деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бұған дейін Жапонияда магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі орын алған еді. Аймақта жаңа жер сілкінісінің қаупі әлі де бар. Сондай-ақ цунами күтілуде.

Айта кетсек, Кишиданың Қазақстанға ресми сапары 9-10 тамызға жоспарланған болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close