Жаңалықтар

Арзан пиар: Шымкент әкімі камера алдында полицейді сөгіп тастады

Фото: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Әлеуметтік желіде Шымкент тұрғындарымен кездесуден қызықты видео пайда болды. Кадрда әкім Ғабит Сыздықбековтің полицейді сөгіп, көпшілік алдында төмендеткені байқалады, – деп хабарлайды qandastar.kz

Видеодан Ғабит Сыздықбековтің азаматтардың арыз-шағымын тыңдап жатырғанын көруге болады. Кенет шенеунік тәртіп сақшыларының біріне назарын аударып, дөрекі әрекетін аяусыз сынайды.
«Неге дауыс көтересіз? Адамдармен қалай сөйлесесіз? Бұл жерден кет» деп өзі айқайға басады.

Артынша полицей Шымкент әкімінен кешірім сұрамақ болып бірнеше рет тырысқанмен, әкім тәртіп сақшысын «жазалауды» жалғастырған.

Қазақстандықтар Ғабит Сыздықбековтің бұл әрекетін арзан пиарға балап отыр.
“Сырттан қарағанда полицейге айтылған ескерту құқық қорғау органдарын төмендеткендей әсер қалдырды” дейді желі қолданушылары.

Бұған дейін Антикор Шымкент әкімдігіндегі отырыстан шенеунікті шығарып алып, қолына кісен салды. Ол жиын да әкім Ғабит Сыздықбековтің жетекшілігімен өткен болатын.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close