Жаңалықтар
Депутат рейсі 9 сағатқа кешіккеніне шүйлікті: Air Astana өкілдері әуежайдағы оқиғаға пікір білдірді
Фото: nur.kz
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әлеуметтік желіде таңғы 7-ге жоспарланған рейсі 9 сағатқа кешіктірілгенін хабарлап, наразылығы айтты. Air Astana өкілдері Алматы әуежайындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады qandastar.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек әужайдағы жағдай туралы Facebook-тегі парақшасында баяндап берді. Ол таңғы уақытта жоспарланған рейсі бірнеше сағатқа кешіктірілгенін айтты. «Бүгін әуекомпания (ред. – Air Astana) Алматы – Астана бағытындағы №622 рейсті таңғы сағат 07:10-тен 16:00-ге ауыстырды», – заявил он. Депутат әуекомпания басшысы Питер Фостер ашуға булыққан жолаушыларға жағдайды түсіндіріп жатқан сәттен видео жариялады. Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді. «10 тамызда сағат 07.15-те жоспарланған Астана-Алматы бағыты бойынша KC622 рейсі қозғалтқыш қалақтарының зақымдалуына байланысты кейінге қалдырылды. Рейс сол күні сағат 16:20-да FlyArystan ұшағымен ұшады деп жоспарланған. Жолаушылар қонақүйге орналастырылып, тамақпен қамтамасыз етілді. Бұрын хабарланғандай, Астанада бұршақ жауып, әуе компаниясының төрт ұшағы бұзылып, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әуекомпаниясы рейстің кешігуіне өкінеді және қолайсыздықты азайту үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр», – делінген ресми мәлімдемеде.