Жаңалықтар
Қайрат Сатыбалды 1,6 млрд АҚШ долларын мемлекетке қайтарды
Фото: Абай.кз
Қ.Сатыбалды мемлекетке 1,6 млрд АҚШ доллардан астам мүліктік активтер мен ақшалай қаражатты қайтарды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады деп жазады qandastar.kz
1,6 млрд доллардың 661,5 млн доллары шетелден Қазақстанға қайтарылды. Атап айтар болсақ, қаржы мен активтер, мүліктер Австрия, Лихтенштейн, БАӘ, Түркиядан табылды.
Қайтарылған активтерге әкімшілік ғимараттар, эксклюзивті зергерлік бұйымдар, люкс үйлер, пәтерлер мен автомобильдер, акциялар мен компаниялардың үлестері, теміржол жолдары мен ақша қаражаттары кіреді.
- 1. «Қазақтелеком» АҚ акцияларының 28,8% – 93,8 млрд тг.
- 2. «КСО» АҚ – 30,2 млрд тг.
- 3. 4 компаниядағы қатысу үлесі – 10,3 млрд тг.
- 4. Қазақстандағы мүліктік активтер – 158,5 млрд тг.
- 5. Эксклюзивті зергерлік бұйымдар – 105,39 млрд тг.
- 6. Қазақстандық шоттардағы ақша – 36,8 млрд тг.
- 7. Австриядан келген ақша – 36,8 млрд тг.
- 8. Лихтенштейннен түскен ақша – 116,7 млрд тг.
- 9. БАӘ-нен келген ақша – 6,3 млрд тг.
- 10. Түркиядан келген ақша – 2,2 млрд тг.
- 11. Бағалы қағаздарды сату – 135,8 млрд тг.
Астана және Алматы қалаларында мемлекетке берілген әкімшілік ғимараттардың жалпы ауданы 180 мың шаршы метрден асады. Люкс нысандарының бірі – Ақмола облысының Барап ауылында жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метр. Ал Қайрат Сатыбалдының жеке резиденциясы – Астана қаласының Білім басқармасына берілді.
Еске сала кетсек, Қайрат Сатыбалдыға қарсы «Қазақтелеком» АҚ, «Көлік сервис орталығы» АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғаны, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастырғаны анықталды. Сондай-ақ, Orda.kz оның бақылауындағы компанияның кедендік баждарды төлеуден жалтару фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.