Білім
Назарбаев мектебінің 250 млрд теңгені далаға шашқаны белгілі болды
Фото: Яндекс.кз
Мемлекет Назарбаев зияткерлік мектептеріне бес жыл ішінде 250 миллиард теңгені мақсатсыз бөліп отырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды qandastar.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы жоғары аудиторлық палатасы хабарлады.
Жоғары аудиторлық палатаның мәліметінше министірлік бекіткен 3 мыңнан астам оқулықтың 67-і немесе 2 пайызы ғана НЗМ үлесіне тиеді. Яғни, ұйымның орта білім беру жүйесін дамытудағы әлеуеті толық емес. Бөлінген қаржының көлемі істің нәтижесімен сәйкес келмейді. Сонымен қатар, НЗМ жүзеге асырылмаған шараларды жоспарлағаны анықталды. 2019-2023 жылдарға орындалмаған шаралардың көлемі шамамен 8 млрд теңге болды. Сондай-ақ, үш жыл ішінде НЗМ 16,4 млрд теңге игермеген, ал банк шоттарында жыл сайын 27 млрд теңгеден 55 млрд теңгеге дейін ақша артылып отырды.
Жалпы мемлекеттік аудит анықтағандай, 274,4 млн теңгеге қаржылық заң бұзушылықтар, тиімсіз жоспарлау – 8,3 млрд теңге, тиімсіз пайдалану – 6 млрд теңгеге жуық, 134 рәсімдік және 30 жүйелік кемшіліктер анықталды.
Бұл дегеніміз Ұлытау облысының бюджеті соңғы 5 жылда Назарбаев зияткерлік мектебіне бөлінген қаражаттан әлдеқайда төмен болғанын көрсетеді.
Тексеру нәтижесінде бір материал құқық қорғау органдарына жолданса, тағы 10 материал әкімшілік іс қозғауға жолданды.