Әлем жаңалықтары

Қазақстанға Қытай мен Түркиядан көшіп келетіндер саны артты

Фото: adyrna.kz

5 мың қазақстандық Ресейге қоныс аударды, – деп хабарлайды qandastar.kz

2024 жылдың бірінші жартысында аспан асты елінен 1173 адам көшіп келген. Ал Түркиядан 248 азамат Қазақстанға кеп тұрақтаған. Жалпы 5 мыңға жуық адам Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және Түркіменстан елдерінен ауған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 пайызға көп. Олардың 36% орта білімді. 22% кәсіби мамандар. Қатарда экономист, педагог, дәрігер және ауыл шаруашылығы мамандары бар.

atamekenbusiness жазғандай, ал елімізден кететіндер саны 0,6 пайызға кеміген. Былтырға қарағанда 7 мыңға аз. Биыл көбісі яғни 5 мың қазақстандық Ресейге қоныс аударған. Германияға – 973, АҚШ-қа – 191, Польшаға – 180 адам көшкен. Одан өзге Қырғызстан, Өзбекстан, Канадада қоныстанғандары бар. Олардың ішінде 29% орта білімді және 20% кәсіби мамандар. Біздің елден көбіне архитекторлар мен заңгерлер кеткен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close