Жаңалықтар

Тоқаевтың алдағы қыркүйектегі Қытайға мемлекеттік сапары туралы белгілі болды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы қыркүйектегі Қытайға мемлекеттік сапары туралы белгілі болды, деп хабарлады ҚазТАГ агенттік тілшісі.
«ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға 11-12 қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапары аясында келісім жобасына (Қытай үкіметінің Қазақстанға қайтарымсыз негізде суперкомпьтер ұсыну туралы) қол қою жоспарланған», — делінген суперкомпьютер туралы келісім жобасын мақұлдау жөніндегі үкімет қаулысы жобасының анықтамасында.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Қытаймен бағасы Т6 млрд. астам болатын суперкомпьютер бойынша келісімге қол қоюға дайындалуда. Онда қайтарымсыз негіздегі суперкомпьютерді Қытай Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университеті базасында «Жаңа Жібек жолы университеттерінің альянсы» ИТ-паркінің Мәліметтерді өңдеу орталығын (МӨО) құру үшін беруді жоспарлауда деп көрсетілген.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close