Жаңалықтар
Антикор Кәрім Мәсімовтың күйеу баласына іздеу жариялады
Фото: ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды, – деп жазады qandastar.kz
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Кәрім Мәсімовтың экс-күйеу баласы Азамат Кәпеновке 9 тамыздан бастап іздеу салды. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталының мәліметінше, іздестіру жұмыстарын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жүргізеді.
- Іздеу «БИПЭК-Авто» ісіне қатысты болуы мүмкін.
Ол – «Қазтеміртранс»АҚ операция және логистика жөніндегі бұрынғы вице-президенті. Ол ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қызы Тамилла Кәрімнің бұрынғы күйеуі.