Әлем жаңалықтары
Жапонияда ер адам сүйіктісінің өзінен 25 жас үлкен екенін той алдында ғана білген
Фото: SCMP
Ол өзінің шын жасын айтса, Йошитакадан айырылып қаламын деп қорыққан, – деп хабарлайды qandastar.kz turkistan.kz сілтеме жасап.
Жапонияда ер адам 7 жыл бойы сүйіктісі өзінен 25 жыл үлкен екенін білмеген, тек үйлену алдында ғана оның нақты жасы белгілі болған, деп жазды scmp.com.
Йошитака есімді 40 жастағы ер адам мен оның 65 жастағы әйелі Акидің YouTube желісінде 18 000 жазылушысы бар. Олар алғаш рет Аки басқаратын жапон стиліндегі барда танысқан, деп хабарлайды жапондық Bunshun Online медиа порталы.
Осы уақытта Йошитака ажырасқан және Акидің сұлулығына қатты қызығып, оны бір көргеннен ұнатып қалған.
Йошитака Bunshun Online-ға берген сұхбатында: «Онымен сөйлескенде, екеуміздің де сәтсіз некені бастан өткергенімізді, балаларды жалғыз тәрбиелеп жүргенімізді және көптеген ортақ қызығушылықтарымыздың бар екенін байқадым» деп айтқан.
Ерлі-зайыптылар бір көргеннен бір-біріне ғашық болып, жұп болуды шешеді, алайда Аки қарым-қатынасқа байланысты әрдайым алаңдап жүріпті. Аки ол кезде өзін 44 жаста деп таныстырып жүргенін мойындады. Ол өзінің шын жасын айтса, Йошитакадан айырылып қаламын деп қорыққан. Көңілді мінезі мен жақсы күтімінің арқасында Аки жас көрінген. Йошитака олардың жас айырмашылығы тек 15 жыл деп ойлаған, бірақ шын мәнінде оның өмірлік серігі одан 25 жас үлкен болып шыққан.
Бұл оқиға әлеуметтік желілерде қызығу талқыланған. Пікір жазғандардың бірі: «Махаббат адамдарды жас айырмашылығын елемеуге мәжбүр етеді. Оларға бақыт тілеймін» деп жазды. Тағы біреу: «Аки менің анамнан үлкен, бірақ ол менен де жас көрінеді» дейді.