Қаржы және төлемдерМәдениет
Дина Төреәлі: Бір аптада 7 миллион жұмсадым
Фото: жеке қорынан
Белгілі блогер Дина Төреәлі қаржылық сауаты болмаған соң ақшасын басқара алмағанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz aikyn.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің instagram storiesпарақшасында жариялады.
“Маған сыйлыққа берген көлікті сатып жібергенмін. Содан түскен 7 млн теңгені бір аптада құртып тастадым. Негізі күліп айтатын нәрсе емес. Ол кезде жаспын. Қаржылық сауаттылық 0 болды. Осы жерде адамның жағдайы да маңызды ғой. Адам егер де 200 мың теңгені дұрыс басқара алмаса, оған миллиондар қайдан келсін», – деп жазды блогер.
Сонымен қатар желі жұлдызы 3 миллион теңге қарызға кіргенін де айтып берді.
“Алға мақсат қойсам қайтпайтын әдетім бар. Тәуекел етуден қорықпаймын. Сол кезде де тәуекел етіп, балалар киімі дүкенін ашқанмын. Ағамның қыздарын модель етіп, суретке түсіретінмін. Бір қызықты естеліктер. Есіме түссе жүрегім жылып қалады. Өкінбеймін. Үлкен сабақ алдым. Сонымен бұл кәсібіме ойым да дайын болмаған. Бірден 3 млн теңгеге минусқа кеттім. Күйзеліске түсіп кетпеу үшін Аллаға тәуекел ете білуім құтқарды», – деді Дина.