Жаңалықтар

Комиссия құрылды: Air Astana мен FlyArystan әуе компанияларына тексеру жүргізілетін болды

Фото: zakon.kz

Азаматтық авиация комитеті маңызды мәлімдеме жасады. Мәлімдеме «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуе компаниялары рейстерінің кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz.

«Air Astana» мен «FlyArystan» АҚ-тардың техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымға қатысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды». ҚР ААК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні нақтыланады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close