Жаңалықтар
Бокс федерациясының президенті қызметінен кетті

Фото: ашық дереккөз
Қазақстан бокс федерациясының шешімі Дене шынықтыру және спорт істері бойынша комитетімен мақұлданған, — деп хабарлайды qandastar.kz
Бас жаттықтырушы Мырзағали Айтжанов және бапкерлік құрамдағы 10 маман, ҚБФ вице-президенті Азиз Қожамбетов қызметтен босатылды.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тұрсынғали Еділов Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
“Жаңа бапкерлік құрам кейінірек таныстырылады”, — делінген федерация хабарламасында.