Жаңалықтар

«Анам қайтып келетіндей»: Дәулет Мұқаев марқұм анасын не себепті шетелге апар алмағанын айтты

Сурет: ашық дереккөздерден

Тек онлайн кеңес алып, телефон арқылы байланыстық

Мәжіліс депутаты, блогер Дәулет Мұқаев марқұм анасын шетелде емдете алмауының себебін түсіндірді. Айтуынша, Түркия, Ресей, Германия дәрігерлері өздеріне жауапкершілік ала алмаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жан сақтау бөліміне үш рет түскен анасының иммунитеті күн өткен сайын әлсірей берген.

“Кейбір адамдар жазады, “Неге шетелге апармадың, жағдайың бар ғой” деп. Білесіз бе, егер шетелден біреу бізге келсін десе, Айға да апаруға дайын едім. Өкінішке қарай, Түркия, Германия, Ресей дәрігерлері ондай жауапкершілікке бармайтынын айтты. Себебі уақыт аз еді. Күн сайын иммунитет әлсірей берді. Тек онлайн кеңес алып, телефон арқылы байланыстық”, – деп жазды блогер.

Дәулет Мұқаев анасының қліміне әлі де сене алмайтынын жеткізді.

“Жан сақтау бөліміне үш рет түсті. Үшіншісі немен аяқталғанын бәріңіз білесіздер. Басында бәрі түс, елес сияқты. Абыр-сабыр, қарбалас болып жатыр. Кейін басқа қалаға кеткен сияқты әсер етті. Анам міне бір-екі күнде қайтып келетіндей көрінеді. Күндер өткенде мұның бәрі көрген түс емес, уақытша сапар емес екенін түсінесің. Сезінген жанға ең ауыр тиетіні осы екен”, – деді Мәжіліс депутаты.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close