Әлем жаңалықтары
Олимпиада жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Назым Қызайбайға пәтер сыйға тартылды
Фото: ашық дереккөз
Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен қола медаль иегері Назым Қызайбайға Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы үй сыйға тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы әлеуметтік желіде Қанат Әбілқайыр бөлісті.
“Алматы облысы әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиевтің бастамасымен, облыстағы кәсіпкерлердің демеушілігімен Париж олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраевқа 3 бөлмелі пәтердің кілті мен 10 млн. теңге, Назым Қызайбайға 3 бөлмелі пәтер мен 2 млн. теңге табысталды” деп жазды ол.
Сондай-ақ, бапкерлер де сыйлықсыз қалмағаны аталды.
“Демеу Жадраевтің тұңғыш және қазіргі бапкерлеріне де 2 бөлмелі пәтер сыйланды. Алматы облысынан олимпиадаға қатысқан спортшыларға 2 млн теңгеден сертификат тапсырылды” деп қосты Қанат Әбілқайыр.
Күміс жүлдегер Жадыраев алғыс ретінде көпшілікке жеңіс биін паш етті.