Жаңалықтар

Борис Жапаров: АЭС талқылауларында арандатушылық болмау керек

Фото: ашық дереккөз

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар жалғасып жатыр. Жақында 19-шы талқылау Алматыда өтті, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Жиынға атом саласының сарапшылары, мемлекеттік орган мамандары, жергілікті тұрғындар мен азаматтық сектордың өкілдері қатысты.

АЭС салудағы ең басты қажеттілік – электр энергиясы тапшылығын шешу. Жиында сөз алған мамандар осылай деді. Себебі, 2030 жылға қарай Қазақстанда қуат жетіспеушілігі сағатына 13 млрд киловаттан асуы мүмкін.

Жиында АЭС құрылысына қатысты түрлі пікір айтылды. Тіпті «Қазақстан халқы АЭС референдумына қарсы» қағазын ұстаған белсенділердің бірі сөз сөйлеушілердің сөзін бөліп, орнында тұрып айқайлай бастады.

Жапаров одан іс-шара ережелерін сақтауды сұрады, қатысушыларды құрметтеуге шақырды, әркім сөз алатынын атап өтті.

Қазақстан халқы 20 миллион, бүкіл халықтың атынан сөйлеуге сізге ешкім мандат берген жоқ. Арандатушылықпен айналыспаңыз, мұндай әрекеттерді жасамаңыз. Мен де Қазақстан халқымын, – деді Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Борис Жапаров.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close