Жаңалықтар

Айтқанының 50 пайызы жалған: Илья Ильин ауыр атлет Алмас Өтешевті 5 айға ауруханаға күштеп жатқызған

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Рахым Ошақбаевқа берген сұхбатында зілтемірші Алмас Өтешевтің өзі жайлы айтқан мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды  qandastar.kz  Azattyq Rýhy-на сіәлтеме жасап. 

«Алмас – менің досым. Біз 14 жасымыздан бастап бірге жаттықтық. Кейін ол менің командама өтті. Қазақстан құрамасынан кетіп, мені қолдаған адамдардың бірінші қатарында болды. Менің жүйем, жаттығуым бойынша жұмыс істеді. Менің ізбасарым болды, өмірде құрдас болсақ та, спортта тәрбиеленушім болды. Бірақ, бәріміздің басымызға қиындық түскенде, ол соның жетегінде кетті. 10 жыл ішімдікке салынды. Оның айтқанының ішінде шындық көп. Оның ішінде реніші де бар. Қоғамға айтқан жанайқайы болды. Біз оны таптық, қазір емделіп жатыр. Федерация да іске қосылды. Оған көмектесіп жатқан мен емес, халық екенін айттым. Қазір одан бас тартсаң, кеш болады дедім. Қазір клиникада алкоголизмнен емделіп жатыр», – дейді Илья Ильин.

Ол ішімдікке салынған зілтемірші 1 ай ішпесе тұра айлмайтынын айтты.

«Мен досымды ешқашан тастамаймын. Ол 5 ай емделуі керек. Арақтан бас тарса, жақсы болар еді. Халық түсінсе екен деймін, одан ешкім бас тартқан жоқ. Біз оны аяққа тұрғызамыз. Сосын ол қоғамға өз үлесін қосса дейміз. Бірінші кезең жасалды. Жақын арада онымен сұхбат жасаймын. Ал, сұхбатында айтқан сөздерінің 50 пайызы жалған», – дейді спортшы.

Осыған дейін Азия чемпионы болған Алмаз Өтешов «Уақыт көрсетеді» подкастында қиын сәттерді бастан кешіп жатқанын айтқан еді. Ол сұхбат кезінде күзетші болып жүргенін айтқан.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close