Жаңалықтар

АЭС құрылысы электр энергиясының құнын төмендетеді

Photo credit: inform.kz

Бүгінде елімізде электр энергиясының құны қымбаттап барады. 1 кВт/сағ бағасы қазірдің өзінде 35-37 теңгеден асқан, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Бұл туралы Астанада өткен қоғамдық талқылауда KAZBRAND қазақстандық азық-түлік компаниясының бас директоры Алмаз Зарипов айтты.

Қазақстандағы АЭС құрылысын талқылау шарасында ол бізде электр энергиясы көрші елдерге қарағанда қымбат екенін алға тартты. Ал мұндай бағамен бәсекелесу де, өнім өндіру де өте қиын.

«Сондықтан бізге арзан электр энергия қажет. Мұның экономикаға қалай әсер ететіні біз үшін өте маңызды. Атом электр станцияларының құрылысы мен монтажы электр энергиясының өзіндік құнын айтарлықтай төмендетуге, сол арқылы өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретініне зер салсақ, бұл мәселеде оң үрдіс болмақ», – дейді Алмаз Зарипов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close