Жаңалықтар
«Жақсы жаңалығым бар». Төреғали Төреәлінің жаңа әні жарыққа шықты

Фото: instagram.com/toregalitoreali/
Танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі жақсы жаңалығын бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Қайырлы күн, достар! Бүгін сіздерге жақсы жаңалығым бар», — деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Араға біраз уақыт салып: «Бүгін сағат 18.00-де «Бұл қалай?» атты әнім жарыққа шығады. Әзірге қайырмасын тыңдай тұрыңыздар», — деп жазды Төреғали Төреәлі.
Қазір Төреғали Төреәлінің жаңа әні YouTube желісінде жарияланып үлгерді.