Жаңалықтар

«Ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой»: ҰОК бас хатшысы қызметінен босатылған Жанар Өтешева желіде жазба қалдырды

Фото: Getty Images
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің бас хатшысы қызметінен босатылған Жанар Өтешева қызметіне кетуіне байланысты ойын білдірді. Бұл туралы qandastar.kzStan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жанар Өтешева қызметіне кетуіне байланысты Instagram желісіндегі парақшасында жазба жариялады.

“Сенімді жоғалтпаған» достардан келген қоңыраулар легінде шек жоқ. Менде бәрі жақсы, бәріне көп рахмет! Ақпаратқа қатысты тек бір нәрсе айта аламын. Сіздерге ұсынылған нұсқада «шикі» тұстар көп. Олардың орны уақыт өте келе толатын болар. Оған дейін ешқандай пікір білдіре алмаймын. Кем дегенде біреу ер жігітке тән әрекет жасауы керек қой», – деді Жанар Өтешева.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылғаны хабарланған едік. Жанар Өтешева биыл 26 ақпанда ҰОК бас хатшысы болып тағайындалған. Сондай-ақ ол ұзақ жылдар бойы Геннадий Головкиннің PR-кеңесшісі, менеджері болып қызмет атқарады.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close