Жаңалықтар

Ферроқорытпа зауытындағы апатқа кінәлі анықталды

Фото: ашық дереккөз

Комиссия мүшелері техникалық құжаттаманы, оқиға болған жерді тексеру нәтижелерін, сараптама ұйымының қорытындысын зерделегеннен кейін осындай қорытындыға келді, – деп хабарлайды qandastar.kz

«Кәсіпорында травматикалық факторлардың әсер етуінің алдын алу бойынша шұғыл шараларды тиісті деңгейде қабылдамағаны, қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қызметкерлердің ережелерді, нұсқауларды және технологиялық тәртіпті сақтауын бақылау элементтерін тиісті түрде жасамағаны анықталды», – делінген Еңбек министрлігінің хабарламасында.

Тергеу нәтижесі кінәлілерді жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Естеріңізде болса, 20 шілдеде Қарағанды ферроқорытпа зауытында жалын шыққан еді. Салдарынан 8 адамның денесін күйік шалып, 4 адам қайтыс болған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close