Жаңалықтар

Саунада болған ұрлық видеоға түсіп қалды

Фото: видео скрин

Саунада болған ұрлық видеоға түсіп қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елорда полициясына 53 жастағы астана тұрғыны, әмиянының ұрланғаны туралы арызбен жүгінді.
Ол, бекетте ер адаммен танысып, араларында қызықты әңгіме басталған соң, оны саунаға шақырған. Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жәбірленуші ұйықтап қалған, қолайлы сәтті пайдаланған қаскүнем, еркін қол жеткізу арқылы ішінде шамамен 100 мың теңге ақшасы бар әмиянын ұрлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында, Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті 31 жастағы қала тұрғынын анықтады. Әмиянда болған ақшаны ол өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласы Полиция департаменті азматтарды мұқият болуларын және құнды заттарын қараусыз қалдырмауларын ескертеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close